ТҮРКІСТАН: Түлкібаста қолжетімді бағада жәрмеңке өтті

0
827

Аталған жәрмеңкеде отандық өнімнен басталып, Қытай, Қырғызстан және Түркиялық тауарлар да кездеседі.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста қолжетімді бағада жәрмеңке өтті

Түлкібас ауданында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түлкібас ауданының орталығында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтті. Аталған акция, Түлкібас ауданы әкімдігі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынды. "Менің Түлкібасым" арбатында өткен жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы "Автонұр" базарының кәсіпкерлері шақыртылып, өз тауарларын жеңілдетілген бағада аудан тұрғындарына ұсынып отыр.


Сонымен қатар, жәрмеңкеде қалам-дәптерлер мен оқушыларға қажетті құрал-жабдықтың дерлік барлық түрі бар. Сондай-ақ мектеп формасы, киім-кешек, аяқ киім үлгілерінің сан түрі кездеседі. Аталған жәрмеңкеде отандық өнімнен басталып, Қытай, Қырғызстан және Түркиялық тауарлар да кездеседі.


Айта кетейік, жәрмеңкедегі дәптер бағасы 15 теңгеден болса, жейделер мен мектеп формасы 2000 теңге мен 10000 теңге аралығында саудаланып, аяқ киім түрлері 3000 теңгеден басталып, 10000 теңге шамасында сатуға қойылған.