​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста отандық өнім сататын дүкен ашылды

0
1 302

Аталған дүкенде арзан әрі сапалы отандық өнім - мектеп формалары сатылатын болады.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста отандық өнім сататын дүкен ашылды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында отандық өнім сататын арнайы дүкен ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Елбасы тапсырмасымен үндесетін игі бастама түлкібастықтар тарапынан да қолдау тауып, аудан орталығы тағы бір игі бастамамен толықты. Аудан орталығында орналасқан «НАБИ» сауда кешенінен арнайы отандық тауарларға арналып, дүкен ашылды.

Аталған дүкенде арзан әрі сапалы отандық өнім - мектеп формалары сатылатын болады. Айта кетерлігі, бұл өнімдердің барлығы да «Bellaso» фабрикасында тігілген. Ендігі жерде аудан тұрғындары алдағы уақытта қалаға қатынап уақыт пен артық шығын жоғалтпай, арзан бағада мектепке қажетті формаларды осы жерден сатып ала алады.

Түлкібас ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай және «Нұр Отан» партиясы Түлкібас ауданы филиалының кеңесшісі Қуанышбеков Бақытжан дүкеннің салтанатты ашылу сәтінде лентасын қиып, сауда кешенін арнайы аралап көрді. Сонымен қатар, осы бастаманы жандандырып отырған жергілікті кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.