ТҮРКІСТАН: Түлкібаста өзекті мәселелер талқыланды

0
340

Жер, ауыз су, тазалық, жарнамалардың қазақ тілінде сауатты жазылуы сынды мәселелер көтерілді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста өзекті мәселелер талқыланды

Түлкібастағы «Парасат» пікірталас клубының отырысында өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Парасат» пікірталас клубы құрылып, орталық мәдениет үйінде алғашқы отырысы өтті. Клуб мүшелігіне қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым төрағалары, партия мүшелері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері кірді. Алғашқы жиында клуб мүшелері бекітіліп, ережесі таныстырылды.


Бірінші отырыстың күн тәртібінде ағын су мен жайылым жерге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Аталған салалар бойынша клуб мүшелеріне тиісті бөлімдер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, саладағы өзекті мәселелер талқыға салынды. Қоғам белсенділері мен ардагерлер және қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан жер, ауыз су, елді мекендерге ағын су келетін арық-атыздардың тазалығы, жарнамалардың қазақ тілінде сауатты жазылуы сынды мәселелер көтерілді.


Клуб мүшелерімен келесі отырыстың күн тәртібі мен төрағасы бір ауыздан келісіліп, көшпелі отырыс наурыз айында Шақпақ ауылдық округіне өтетін болып белгіленді.


Жиынды аудан әкімі Нұрлан Байғұт қорытындылап, аудан әкімдігіне қатысты қойылған сауалдарға жауап берді. Түлкібастың дамуына жанашырлық танытып жүрген жандарға алғысын білдіріп, жиын бойынша хаттама түзіліп, көтерілген мәселерді шешу жолында нақты жұмыс жоспары жасалынатынын жеткізді.