ТҮРКІСТАН: Түлкібаста үш ауысымдық мектеп жоқ

0
2 460

Ауданда бірқатар мектептердің жанынан қосымша корпустың құрылыс жұмыстары жүргізілде.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста үш ауысымдық мектеп жоқ

Түлкібаста жаңа оқу жылында Азаттық ауылындағы 600 орындық жаңа мектеп паудалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданда бүгінгі таңда жалпы мектептер саны – 60, оның ішінде 45-жалпы орта мектептер, 5-негізгі орта мектептер, 9-бастауыш мектептер, 1-үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Жалпы білім ошақтарында 22138 оқушы білім алуда.

Ауданда халық санының өсуне және білім алуға жоғары жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, 2018 жылы аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп лицейі, Құлан ауылындағы А.Гайдар ЖОМ, Жаскешу ауылындағы С.Сейфулин ЖОМ, Балықты ауылындағы А.Рыбалко ЖОМ-і күрделі жөндеуден өтсе, Азаттық ауылынан 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, нысан 2019 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы Пушкин ЖОМ 250 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Шақпақ баба ауылындағы С.Бреусов атындағы 200 орындық мектеп құрылысы, Түлкібас кентіндегі П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, іске асуда.