ТҮРКІСТАН: Түлкібаста үш мектеп салынып жатыр

0
575

2 елді мекенде мектеп жанынан қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста үш мектеп салынып жатыр

Түлкібас ауданында 3 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында қазіргі таңда 60 орта білім беру мекемесі бар. Айта кетерлігі, ауданда үш ауысымды мектеп жоқ. Дегенмен, халық санының өсуіне және мектеп ғимараттарының тозығы жетуіне байланысты біршама білім ордаларын жаңартып, бала санының артуына байланысты жаңа мектептер соғуды қажет ететін елді мекендер бар.


Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3 елді мекенде жаңа мектептердің құрылысы мен 2 елді мекенде мектеп жанынан қосымша ғимарат құрылысы жүруде. Аталған білім ордаларын аудан басшысы Н.Байғұт аралап, құрылыс жұмыстарының бүгінгі барысын бақылап қайтты.


Аудан орталығындағы 300 орындық, Еңбекші ауылындағы 150 орындық, Абайыл ауылынан 100 орындық мектеп жаңадан бой көтеруде. Қазіргі таңда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Амангелді ауылындағы Амангелді мектебінің жанынан «Ауылым ел-бесігім» мемлекеттік бағдарламасы аясында спорт залы мен мәжіліс залының және Мыңбай ауылындағы Жамбыл мектебінің жанынан 150 орындық қосымша ғимарат құрылысы іске асуда.