ТҮРКІСТАН: Түлкібаста заманауи жабық бассейн ашылды

0
1 095

Кешен бір уақытта 100-ге жуық адамды қабылдай алады


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста заманауи жабық бассейн ашылды

Түлкібас ауданында заманауи жабық бассейн ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының орталығынан «Керуен» спорттық сауықтыру бассейні ашылды. Спорт кешенін өз қаражатына салдырған жергілікті кәсіпкер Мұрат Нығметов бұған дейін де жазғы бассейн ашып, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға ақысыз шомылуға жағдай жасаған болатын.


Спорт кешенінің ресми ашылу салтанатына келген аудандық мәслихаттың хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсіпкерге аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.


Айта кетерлігі, кешен бір уақытта 100-ге жуық адамды қабылдай алады. Алдағы уақытта аудан әкімдігінің тиісті бөлімімен бірлесе отырып, арнайы бағдарламалар дайындалатын болады.