ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталады

0
606

Түрлі салаға қатысты мәселелер көтерілді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталады

Түлкібас ауданы, Келтемаш ауылдық округінде жаңа клубтың құрылысы бастау алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы, Келтемаша ауылдық округіндегі өзекті мәселенің бірі мәдениет ошағының жоқтығы. Ауыл ақсақалдары бұл мәселені соңғы жылдары жиі көтерген. Ал, биыл округ орталығы Кершетас ауылынан жаңа клубтың құрылысы бастау алмақ. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.


Осы және басқа да жағымды жаңалықтармен аудан әкімі Н.Байғұт Келтемашат ауылдық округі тұрғындарының алдында берген есебінде бөлісті.


Есептік кездесу аудан әкімінің қысқаша баяндамасынан соң сұрақ-жауап форматында жалғасып, округ тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.


Атап айтсақ, ескірген бағаналарды ауыстыру, ауыз су, ауыл атауын ауыстыру, интернет, көшені түнгі уақытта жарықтандыру мен ағын суға қатысты мәселелер көтерілді.


Бұдан бөлек аудан әкімінің жеке қабылдауында елді мекен аймағында жаңадан қосылған үйлерге газ құбырын тарту мәселесі айтылып, аудан басшысы және жауапты мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.