ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жоғары сападағы сүт өнімдері өндіріліп жатыр

0
2 801

Бүгінде өңдеу цехы күніне 5 тонна сүт өңдеуде.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жоғары сападағы сүт өнімдері өндіріліп жатыр

Жергілікті тұрғындардың сүтін қабылдаған «Майлыкент-сүт» ЖШС-гі бүгінде 12 түрлі сүт өнімдерін шығаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие.

«Бизнестін жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу цехы күніне 5 тонна сүт өңдеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды.

Аталмыш кәсіпорын қазірігі таңда 30 астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, кәсіпорын өз өнімдерін осы өңірге ғана емес республика аумағындағы барлық жер-жерлерге өткізуде.

Жергілікті тұрғындардың сүтін бұрын «Фудмастер» жинайтын. Қазір жергілікті тұрғындар күнделікті сүтерін осы «Майлыкент-сүт» ЖШС-не өткізеді. Бүгінде аталған кәсіпорынның өнімдері күннен-күнге сұраныстары артып, кәсіпорын жұмысы алға жылжып келеді. Ал, сүтке сұраныстың көбейгені мал асыраумен айналысып, күн көріп отырған халықтың жағдайына оң әсерін тигізуде.