ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы лагерлерде Арыстың 100 баласы демалатын болады

0
1 676

Арыстық бүлдіршіндер лагерлерінде үш ауысыммен демалатын болады.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы лагерлерде Арыстың 100 баласы демалатын болады

Арыстық 100 бала Түлкібас ауданының лагерлерінде жазғы демалыстарын өткізетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты барлық аудандық әкімдіктер арыстық балалардың көңіл-күйлерін аулау, жазғы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында жазғы демалыс лагерлеріне жіберуде. Солардың бірі бүгінде Түлкібас ауданы 100 баланы қамқорлықтарына алып бүлдіршіндерді демалыс орындарына жөнелтуде.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен арыстық 100 баланы Машат шатқалында орын тепкен Б.Саттарханов және Машат ауылы маңында орналасқан "Арман-1" лагерлерінде үш ауысыммен демалдыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда жоғарғыда аталған лагерлерде 20 кішкентай арыстықтар бүлдіршіндер демалып, жазғы маусымдарын көңілді өткізуде.
Аталмыш лагерлерде арыстық балаларға демалу мен қатар, оқу және сауықтыру шаралары да қаралған. Сондай-ақ, демалушы балалардың көңілін көтеру мақсатында әр күнге арнайы мерекелік шаралар да бекітілген.
Түлкібас ауданының таза ауасымен тың демалған кішкентай арыстықтар өз үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтатын болады.