ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат кек аламын деп бөтен біреуді атып кеткен

0
1 462

Оқ тиген жігіт оның танысы емес болып шыққан.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық азамат кек аламын деп бөтен біреуді атып кеткен

Түркістан облысында жас жігіт кек алмақ боп көліктен оқ атып оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарақат алған жергілікті тұрғынды жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов ауылының жедел жәрдем диспетчері полицияға хабар берген. Тәртіп сақшыларына жарақаттанған жәбірленуші қанды оқиғаны баяндап берді.

Жәбірленушінің айтуынша, ол достарының үйінен шығып, көшеде келе жатқанда жанына нөмірсіз, сұр түсті «Мерседес» маркалы көлігі тоқтап, терезесінен оқ ата бастағанын. Содан санына оқ тиіп, салдарынан жарақаттанған.

Полицейлер күдіктіні 12 сағатта тауып қолға түсірді. Күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны боп шықты. Ұсталған күдікті көшеде кетіп бара жатқан жігітті бұрыннан бас араздығы бар біреуге ұқсатып кек алу үшін оқ жаудырғанын айтқан. Өз кінәсін толық мойындаған күдіктіден еш жерде тіркелмеген 16-калибрлі 2 ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Қазіргі уақытта күдікті Түлкібас АПБ-не уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.