ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкер ауылға футбол алаңшасын салып берді

0
600

Нысанның құрылысына 9 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсаған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкер ауылға футбол алаңшасын салып берді

Түлкібастық кәсіпкер ауыл жастарына футбол алаңшасын тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай белгілі кәсіпкер, меценат Қайрат Молдасейітов Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылының жастарына кіші футбол алаңшасын тарту етті. Ауыл жастарын қуанышқа бөлеген кәсіпкер аталмыш нысанның құрылысына 9 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсаған.


Нысанның ашылу салтанатында Шақпақ баба ауылының әкімі С.Қозтаев пен ауыл тұрғындары игі іске мұрындық болған «Кентау» ЖШС өкілдеріне алғыстарын білдіріп, ауыл қариялары ақ баталарын берді.


Алдағы уақытта ауыл әкімдігі тарапынан алаң аумағын абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.