ТҮРКІСТАН: Түлкібастық көпбалалы ана мемлекеттен қолдау тауып өз кәсібін ашты

0
1 170

Ол - Бизнес бастау арқылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында 25 күн оқыған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық көпбалалы ана мемлекеттен қолдау тауып өз кәсібін ашты

Түлкібас ауданының тұрғыны «Атамекен» палатасының «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып өз кәсібін ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастар жылында «Атамекен» палатасы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын іске қосқан болатын. Аталмыш жоба бойынша өз ісін бастағысы келетіндер бір реттік қайтарымсыз грант ұтып ала алады.

Бұл аудан тұрғындарына арналған бизнес жоспары дайын, бірақ, қаржы қолбайлау болып отырған жандар үшін керемет мүмкіндік болып отыр. Бағдарлама екі бағытта іске асырылада. Кәсіптік оқыту – Жұмыспен қамту ортылықтарында 3 ай оқытылса, Бизнес Бастау - «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында 25 күн оқытылады.

Осы мүмкіндікті дер кезінде пайдалана білген түлкібастық 28 жастағы көпбалалы ана Дедер Олеся бүгінде грант иегері атанды. Оның негізгі мамандығы массажист – косметолог. Олеся аталған білімін Шымкентте және Қытайда алған. Қазіргі таңда ол аудан орталығындағы "Дулат" медицина орталығында ерлер мен әйелдерге және балаларға өз мамандығы бойынша қызмет көрсетуде. Ұтып алған қаражатына кәсібіне қажетті құрал-жабдықтар алуды жоспарлаған Олеся, осылайша өз ісін дөңгелетіп, мемлекеттің қолдауын оңтайлы пайдалануды көздеп отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығы тиімділігін қамтамасыз етудің, әрбір адамға өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңыздылығы туралы атап өткені белгілі. Осыған орай, Түлкібас ауданында халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау арқылы тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсаруда.