ТҮРКІСТАН: Түлкібастықтар жалғызбасты анаға үй сыйлады

0
569

5 балалы жанұяның отағасы өткен жылы дүниеден озған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастықтар жалғызбасты анаға үй сыйлады

Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында жалғызбасты көпбалалы анаға үйдің кілті тарту етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында ауыл әкімі Е.Меңлібековтің ұйытқы болуымен және ауыл тұрғындарының атсалысуымен жалғызбасты көпбалалы анаға үйдің кілті тарту етілді. Г.Қайназарова – 5 баланың анасы, отағасы өткен жылы дүниеден озған. Отбасын жалғыз өзі асырап, еңбек етуде.


Көпбалалы отбасыға баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен салтанатты жиында табыстады. Жиында ел ағалары игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдірді. Жабағылы ауылының тұрғындары бұған дейін де үйі өртенген отбасыға жаңа баспаналы болуға септігін тигізген болатын. Сонымен қатар, ауыл тұрғының емі үшін ел болып жиналып, 2 миллион 500 мың теңге қаржылай көмек көрсеткен.