ТҮРКІСТАН: "Тұңғыш Президент саябағы" ел игілігіне берілді

0
2 485

Тұрғындары күндіз-түні саябақ аумағында демалып, көл жағалауында серуендей алады.


ТҮРКІСТАН:

Шардарадағы "Тұңғыш Президент саябағы" ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, 1-желтоқсан "Тұңғыш Президент күніне" орай, қала орталығындағы "Тұңғыш Президент саябағында" күрделі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, аталған нысан ел игілігіне берілді.

Атап өтсек, күрделі жөндеу жұмыстары барысында саябақ аумағындағы барлық аяқжолдарға тас төсеу (брусчатка), қорғандарды ауыстыру, бағдаршам шамдар орнату, субұрқақты іске қосу, балалар алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көрермендерге арналған жазғы сахна және тағы да басқа заманауи үлгідегі нысандар орнатылды. Енді аудан тұрғындары күндіз-түні саябақ аумағында демалып, көл жағалауында серуендей алады.

Сонымен қатар, аталмыш мейрам қарсаңында Түркістандағы жаңа аэропортқа Нұр-Сұлтан қаласынан алғашқы әуе рейсі келіп, ауқымды нысан іске қосылды. Одан бөлек, облыс көлемінде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, елбасының өмірі мен еңбек жолы жайлы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Өңіріміздің беделді тұлғалары барша ел азаматтарын айтулы күнмен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.