ТҮРКІСТАН: "Тұран" кестеде бір саты жоғарылады

0
349

«Оңтүстік дербиі» тартысқа толы болды.


ТҮРКІСТАН:

"Түркістан-аренада" Түркістанның "Тұраны" мен Шымкенттің "Ордабасы" клубы кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур ойындары өтті. "Түркістан-аренада" өткен кезекті футбол бәсекесінің мәні бөлек болды. Себебі Түркістанның "Тұраны" өз алаңында Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдады.


Аса тартысты өткен кездесудің 35-минутында 11 метрлік айып соққысынан Живкович есеп ашып, "Тұран" алға шыққан. Екінші таймда түркістандықтардың есепті еселейтін мүмкіндігі болып, Живкович екінші 11 метрлік айып соққысынан мүлт кетті. Шымкенттіктердің қақпашысы Шайзаданың бірнеше рет қақпасын голдан сақтап қалғанын айта кеткен жөн. "Ордабасы" да дүркін-дүркін шабуыл жасап, алаңға тыңнан ойыншылар қосты. Солардың бірі Рахимов 94-минутта есепті теңестірді.


Осылайша, ұпай санын 20-ға жеткізген "Тұран" қауіпті аймақтан біршама ұзады. Айта кетерлігі, осы күні "Тұранның" арнайы дүкені ашылды. Ол жерден клубтың жейдесі мен қалпағын және өзге де атрибуттарын алуға болады.