ТҮРКІСТАН: «Тұран» кезекті жеңіске қол жеткізді

0
496

Турнир кестесінде 11-ші орынға жайғасты.


ТҮРКІСТАН: «Тұран» кезекті жеңіске қол жеткізді

Түркістандық түлектер бас қосып, мұқтаж отбасыға баспана салған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 10-турының ойындары аяқталды. Түркістан облысының «Тұран» командасы «Түркістан-Аренада» Петропавлдың «Қызылжар» футболшыларына қарсы ойнады. Қос команда да жасыл алаңда жеңіске жету үшін, тартысты ойын өткізді. Дегенмен, кездесудің алғашқы уақытынан бастап алаң иелері қарсыластар қақпасын торылдаумен болды. Сәт сайын шабуылдарын үдеткен тұрандықтар есеп ашуға ұмтылды. Алайда қарсыластар жоғары деңгейде қорғана білді. Нәтижесінде ойынның бірінші кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды.

Матчтың екінші кезеңінде екі команда да алма-кезек шабуылдаумен болды. Есеп ашу үшін бар күш-жігерлерін ортаға салған, Абдухалық Бөрібаев шәкірттері қарсыластар қақпасына қауіпті соққылар жасады. Тартысты кездесудің 90+3 минутында қарсыластар өз айып алаңында Асылжан Аббасқа қарсы өрескел қателік жасап, шалып құлатты. Нәтижесінде 11 метрлік айып добы белгіленіп, пенальти орындауда мүлт кетпеген Стефан Живкович есеп ашты. Есеп 1:0. «Тұран» командасы жеңіске жетіп, турнир кестесінде 11-ші орынға жайғасты.

Енді тұрандықтар 14 мамыр күні сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасына қарсы ойын өткізетін болады. Жерлестерімізге сәттілік серік болсын!