ТҮРКІСТАН: «Тұран» және «Сауран» мөлтек аудандары халықтық әкімдік назарында

0
853

Асфальт салу бойынша жұмыстар атқарылады деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: «Тұран» және «Сауран» мөлтек аудандары халықтық әкімдік назарында

Түркістандағы "Сауран" мөлтек ауданы мен "Тұран" елдімекені аумағындағы жол мәселесі шешіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы жауапты мамандармен бірге "Сауран" мөлтек ауданы мен "Тұран" елдімекені аумағындағы жол мәселесін бақылады.

Күз және қыс мезгілінде жауын-шашын мен қар салдарынан тұрғындардың жүруіне, балалардың сабаққа баруына және жедел-жәрдем сынды көліктердің жүруіне қолайсыздық танытатын, тұрғындардан түскен әлеуметтік желілер мен арыз-шағым бойынша "Сауран" мөлтек ауданындағы Сырдария, Ордабасы, Көктөбе және Алмалы көшелері мен "Тұран" елдімекеніндегі Байкөкше шешен, Шоқтас және Тойшыбаев көшесінің жалғасындағы жол мәселесін қарап, апта ішінде тас төсеуге тапсырма берді. Ал, қазірде жобасы жасалып жатқан кәріз жүйесі іске асқан жағдайда асфальт салу бойынша да жұмыстар атқарылады деп күтілуде.

Жиылған халық өз кезегінде аталған көшелердің соңғы 20 жылда жөндеу көрмегенін айтты. Шаһар басшысы алдағы 10 күн ішінде "Сауран" мөлтек ауданындағы, ал екі апта ішінде "Тұран" елдімекеніндегі жоғарыда айтылған көшелерге тас төселетінін және "Сауран" мөлтек ауданында тұрғындар сұранымы бойынша балалар ойын алаңшасы салынатынын айтты.

Айта кетейік, жол мәселесі бойынша алдағы күндерде де қала әкімі өзге мөлтек аудандарды аралап, мән-жайды өз бақылауына алады.