ТҮРКІСТАН: "Тұрғын үй сату бойынша қызмет" орталығы қарқынды жұмыс істеп жатыр

0
1 301

"7-20-25" бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде.


ТҮРКІСТАН:

Түркістанда 2021 жылдың 18 қаңтарынан қызметін бастаған «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы қарқынды жұмыс істеуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі күні орталық "Bank RBK-мен" толықты. Бұған дейін азаматтар «Отбасы банкі» АҚ, екінші деңгейлі банктер: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбер банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу жолдарының ақпаратын алған болатын.

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер (1,2 және 3 бөлмелі) 2021 жылдың наурыз айынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы "Отбасы банк" АҚ, "7-20-25" бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде.

Түркістан қаласы әкімдігі «Құрылыс бөлімі» ММ-нің мәліметіне сәйкес, қазірде аталған орталықта 1 тоқсанда 16 үй, 2 тоқсанда 27 үй, 3 тоқсанда 22 үй, 4 тоқсанда 17 үй беріледі.