ТҮРКІСТАН: Тұрғындар ауылдың жолын өздері кеңейтіп жатыр

0
760

Олар жол бөлігіндегі үйлердің қоршауын бұзып, аяқжолдардың құрылысын бастап үлгерген.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындар ауылдың жолын өздері кеңейтіп жатыр

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары ауылдың жағдай жақсартуға кірісті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылы Гайрат көшесiнің тұрғындары асарлатып, өздерінің көшесін кеңейтпек. Сондай-ақ, бастамашыл халық ирригациялық жүйелерді тазартып, су құбырларын орнатуды да қолға алыпты.

Атап айтсақ, ауыл тұрғындарының бұл бастамасына себеп болған жағдай – көшенің тарлығы. Сол көшенің тар болғанының салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған жол да жоқ екен.

Сол себепті тұрғындар бұл мәселенің шешімін өзара ақылдаса отырып, шешуді қолға алған. Қазір олар жол жиегіндегі арықтардың орнын тереңірек қазып, құбыр орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қоса, жол бөлігіндегі үйлердің қоршауын бұзып, аяқжолдардың құрылысын бастап үлгерген.

Сондай-ақ, осы ауылдағы Мырза баба көшесінің 1,2 шақырымында бюджет есебінен жолаяқ құрылысы атқарылуда.

Жергілікті тұрғындар Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Садибековтен асфальт төсеп беруге қаржы қарастыруды сұрап отыр. Бұл ұсыныс аудан әкімдігінің күн тәртібінде қаралатын болады.