ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды

0
903

Туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, мыңдаған жұмыс орны ашылған.


ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды

«Түркістандағы туризм: жаңа серпілістер уақыты» атты шара өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың қатысуымен 27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күніне орай «Түркістандағы туризм: жаңа серпілістер уақыты» атты шара өтті.

Дөңгелек үстел аясында Мейіржан Иябайұлы соңғы жылдары туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, мыңдаған жұмыс орны ашылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, күннен күнге қарыштап дамып жатқан шаһарды одан әрі айшықтай түсетін тың жобалар болса қолдауға әзір екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, жуық арада ашылуы жоспарланған "Tai-Kazan" этнокешенінде ұлттық нақыштағы дүниелер, тағамдар, суретке түсу мүмкіндігі және қолөнер туындылары таныстырылды. Азия ойындарының жеңімпазы, еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген Дидар Хамза да өз сөзінде спорттың дамуы - туризмнің дамуына үлес қосатынын айтып, спорттық шараларды жиі өткізу бойынша ұсыныс білдірді.

Шара барысында "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" мен Түркістан облысы мен қала әкімдігі, "Rixos Turkistan" қонақ үйі және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы тарапынан серіктестік және өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды.

Шара одан әрі Арбат алаңында, "Қабылдау орталығы" мен Этноауылда жалғасын табады.