ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту жөнінде жиын өтті

0
550

Кәсіпкерлер тарапынан көтеріліп жатқан мәселелер талқыланды.


ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту жөнінде жиын өтті

Түркістанда туристік қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен туристік қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты мәжіліс өтті.


Мәжіліске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе туристік қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары кезінде қолданыстағы заңнамалық талаптарды қатаң сақтау.


Мәжіліс барысында кәсіпкерлер тарапынан көтеріліп жатқан мәселелер талқыланып, кәсіпкерлерге ыңғайлылықты арттыруға бағытталған заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге ұсыныстар жинақталды.


Жиын қорытындысында аталған бағытта тиісті жұмыстар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.