ТҮРКІСТАН: Түрмеде көрме өтті

0
1 173

Төлебидегі ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне тоғытылғандардың қолынан шыққан астау, домбыра, қобдиша, арнайы киімдер сияқты тауар көрмеге қойылды.


ТҮРКІСТАН: Түрмеде көрме өтті

Түркістан облысында түрмеде ұлттық қолөнер бұйымдарын паш ететін көрме ұйымдастырылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы аумағында орналасқан ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өткен көрмеге осында жазасын өтеушілердің өз қолдарымен жасалған өнімдер мен тауарлар қойылды. Тағдыр жолында табаны тайып қателескен сотталғандарды жұмыспен қамту үшін, түрмедегі өндірістің мүмкіндіктерін паш ету үшін де бұл іс шара қолға алынған. Көрмеге шағын және орта бизнес иелері арнайы шақырылған.


Темір торға тоғытылғандардың қолынан шыққан астау, домбыра, қобдиша, арнайы киімдер сияқты тауар көрмеге қойылды. Жергілікті кәсіпкерлердің арасында түзеу мекемесінде жасалған өнімдерге қызығушылық танытқандары аз болған жоқ. Тіпті кейбірі мұнда кәсіпкерлік орындарын ашуға ниет етті.


"Көрмеге шағын және орта кәсіп иелері, аудандық жұмыспен қамту орталығының, кәсіпкерлер палатасының және аудандық әкімшілік өкілдері қатысты. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, біріншіден олардың отбасыларына көмектесуіне мүмкіндік берсе, екіншіден бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына да тәжірибе жағынан пайдасы болары анық"- дейді көрмені ұйымдастырушылар.