ТҮРКІСТАН: Үкімет басшысы өңіріміздің бас дәрігері Мұқан Егізбаевтің еңбегіне ерекше баға берді

0
182

Арыста орын алған апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада толыққанды заманауи "Триаж жүйесі" іске қосылды.


ТҮРКІСТАН: Үкімет басшысы өңіріміздің бас дәрігері Мұқан Егізбаевтің  еңбегіне ерекше баға берді

Күрделі жөндеуден өткен Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысқан Үкімет басшысы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Премьер министрі Асқар Мамин күрделі жөндеуден өткен Арыс қаласындағы орталық ауруханасының жұмысымен танысты. Үкімет басшысы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аурухана қызметкерлерінің жұмысына жоғары бағасын беріп, өз ризашылығын білдірді және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән берген Үкімет басшысы, аурухананың медициналық қондырғылармен толық жабдықталғанын атап өтті. Қарқынды да қажырлы еңбектің арқасында аяқталған ауқымды істің халық игілігі үшін жасалғанын баса айтқан Асқар Мамин өңіріміздің бас дәрігері Мұқан Егізбаевтің елеулі еңбегіне ерекше баға берді.

Арыста орын алған апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада толыққанды заманауи "Триаж жүйесі" іске қосылып, медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Арнайы қызыл, сары, жасыл түсті бағыттарға арналған принтерлермен жабдықталып, электрондық қолтаңбалар орнатылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет