ТҮРКІСТАН: "Ұлы дала елі" орталығының құрылысы 2020 жылы аяқталады

0
2 568

0,8 га жер телімінен бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метр.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысының орталығында "Ұлы дала елі" орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы үшін 2019 жыл «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс жылының қызған шағы болыр тұр. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде.

Соның бірі – «BI CONSTRUCTION TURKESTAN» компаниясы. Мердігер мекеме биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы Дала Елі» орталығының құрылысын жүргізуді бастап кеткен болатын. Нысанның құрылысы келесі жылға жалғасады. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы әкімдігінің сыйы – 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Жоба жетекшісі Айгуль Бапишеваның айтуынша, 0,8 га жер телімінен бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз кезеңімен жүріп жатыр.

естеріңізге сала кетсек, Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі киелі Түркістан жеріне "Ұлы дала елі" орталығын салып беруге уәде еткен еді.