ТҮРКІСТАН: Үздік тәжірибе орталығы ашылды

0
645

Жыл соңына дейін 22 медициналық ұйымда Үздік тәжірбие орталығын ашу көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Үздік тәжірибе орталығы ашылды

Түркістан облысында ауыл медицинасы дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы ауыл медицинасы жаңа деңгейге көтеріліп, қызмет сапасы арта түсті. Өңірдегі Мырзакент, Атакент, Асық ата, Кентау және Түркістанға қарасты емханада Үздік тәжірибе орталығы ашылып, жергілікті халыққа медицина қызметі тағы жақындай түсті.


Емхана жанынан ашылған Үздік тәжірибе орталығының ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медико-санитарлы көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әсел Қыдыралиева және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалды арнайы қатысты.


Үздік тәжірибе орталығы жұмысының аясында аурухана құрылымына көптеген оңды өзгерістер енді. Атап айтқанда, емханада арнайы бөлім меңгерушілері мен аға мейіргерлердің кезекшілігі ұйымдастырылып, емханаға келген тұрғындарға дұрыс бағыт-бағдар беріп отыратын фронт офис ашылған. Сондай-ақ “Жанұялық денсаулық орталығы", МӘМС бұрышы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, интенсивті терапия бөлмесі, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті бөлмесі, АББ-ның орталықтары, денсаулық мектептері және егде жастағы тұрғындар кабинеті де өз жұмысын бастады.


Айта кетейік, Түркістан облысында жыл соңына дейін 22 медициналық ұйымда Үздік тәжірбие орталығын ашу көзделіп отыр.