ТҮРКІСТАН: «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорынын құру жөнінде шешім қабылданды

0
458

Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр.


ТҮРКІСТАН: «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорынын құру жөнінде шешім қабылданды

Түркістан облысындағы 2021 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаржы қаралған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы 16 ветеринариялық ұйым біріктіріліп, облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорынын құру жөнінде шешім қабылданған. Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар қысқарып, ветеринар мамандарға алмастырылып, осы бастамалар нәтижесінде қызмет сапасы жақсарған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмеген.


2021 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылдан 10 пайызға өсті. Биыл 8 айда 16 аса қауіпті ауруларға қарсы 25,4 млн. доза вакцина егілді. Тиісті препараттармен 2,7 бас ірі мал бүркілді, 9,1 млн. бас қой-ешкі тоғытылды, қора жайлар мен буферлік аймақтар залалсыздандырылды. 48,4 мың бас қаңғыбас ит-мысық ауланған.