ТҮРКІСТАН: Вице-Премьер жылыжай жұмысымен танысты

0
586

Кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


ТҮРКІСТАН: Вице-Премьер жылыжай жұмысымен танысты

Вице-Премьер Түркістан облысындағы жылыжай жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Серік Мақашұлы Ордабасы ауданы, Бадам елді мекеніндегі “Аделя” жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Министр аталған кешенде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


Халықты жыл он екі ай көкөніспен қамтып отырған жылыжай шаруашылығының өкілдері газ, электр энергиясы, көмір бағасы арзандатылып берілсе деген ұсыныс білдірді. Тиісінше, шығын азайған жағдайда қызанақ пен қиярды да нарықта арзан бағада саудалауға мүмкіндік туатындығы сөз болды.


Өз кезегінде министр айтылған ұсыныстарды қанағаттандыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін жеткізді. Қосымша кейбір шығындарды субсидиялау тетіктерін деқарастыру мәселесі назарға алынды.