ТҮРКІСТАН: Волейболдан облыс чемпионаты басталды

0
730

Өңірімізден бұл жарысқа ең талантты деген жас волейболшылар қатысып, шеберліктерін шыңдауда.


ТҮРКІСТАН: Волейболдан облыс чемпионаты басталды

Волейболдан жасөспірім ұлдар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Иқан ауылында волейболдан жасөспіпім ұлдар арасында облыс чемпионаты басталды. Өңірімізден бұл жарысқа ең талантты деген жас волейболшылар қатысып, шеберліктерін шыңдауда.


Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Сауран ауданының әкімдігі атсалысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Арман Мырзабаев пен Сауран аудандық мәдениет, тілдерді дамыту спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова жарыстың ашылуында айтып, жас волейболшыларға сәттілік тіледі. Ал болашағынан мол үміт күттіретін дарынды волейболшы Алдияр Бибарыс командаластарымен жеңіске жету үшін облыс чемпионатына барынша дайындалып келгенін айтып, өз ойын көпшілікпен бөлісті.


Тартысты доп додасына 13 команда және 200-ден аса спортшылар қатысып, өзара бақ сынауда. Үздік деп танылған түркістандықтар көктемде жас ерекшелігіне орай Талдықорған қаласында өтетін кезекті Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды. Бұл туралы волейболдан жасөспірімдер құрамасының Түркістан облысы бойынша аға жаттықтырушысы Иса Райымханов айтты. Қазір өңір жасөспірімдері арасында волейбол спортына деген қызығушылық артып, кәсіби тұрғыда шұғылданатындар легі көбейген. Оған ауыл спортының дамуы үшін спорт кешендері мен волейбол залдарының көптеп ашылулары себеп болып отыр.