ТҮРКІСТАН: Волейболдан Ұлттық лиганың IV тур ойындары басталды

0
694

11 команда қатысып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Волейболдан Ұлттық лиганың IV тур ойындары басталды

Түркістан қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының ұлттық лига ойындары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ұлттық лига ойындары басталды. Биыл ХХХІ-ші рет өтіп жатқан Ұлттық лига додасының 4 тур ойындарына 11 команда қатысуда.


Әйелдер арасындағы Ұлттық лига ойындары екі топ бойынша өтіп жатыр. «А» тобында Шығыс Қазақстан облысының «Алтай», Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш», Алматының «Алматы», Жетісу облысының «Жетісу», Қарағандының «Қарағанды», Павлодардың «Ертіс» командалары өзара күш сынасуда.


«В» тобында Шығыс Қазақстан облысының «Алтай-2», Жетісудың «Айқаракөз», Түркістан облысының «Тұран», Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш СК», Астананың «Ару Астана» командалары бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күні барлық командалар өте тартысты ойындар өткізді. Нәтижесінде «Алтай» - «Ертіс» командалары арасындағы ойында 3:0 есебімен «Алтай» командасы жеңіске жетті. «Алматы» командасы мен «Қарағанды» арасындағы кездесу 3:0 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Ал «Қуаныш» - «Жетісу» арасындағы кездесуде 3:0 есебімен Солтүстік Қазақстан құрамасы айқын басымдыққа ие болды.


Сондай-ақ «Қуаныш-СК» - «Алтай-2» арасындағы ойында 3:1 есебімен Шығыс Қазақстан арулары жеңіске жетті. Алғашқы күнгі ойындарды алаң иелері «Тұран» командасы мен «Ару Астана» командалары қорытындылады.


Тартысты ойында тұрандықтар 3:0 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді. Осылайша, білікті басшы Сабыржан Бұлдырықов жетекшілік жасайтын «Тұран» командасының әйелдер командасы жауапты тур ойындарын сәттілікпен бастап, жанкүйерлерін қуантты.