ТҮРКІСТАН: Жайылымнан 14 жылқыны жоқ қылғандар малбазардан ұсталды

0
2 266

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 6 милиионнан астам теңгені құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Жайылымнан 14 жылқыны жоқ қылғандар малбазардан ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері бірнеше миллион теңгенің малдарын ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері бос жайылымдарда жүрген жылқыларды қолды еткен ұрыларды құрықтады.
Осылайша, 20 қаңтар күні Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері өткізген іс-шаралар барысында жергілікті базарлардың бірінен мал сатып тұрған күдікті екі жігітті байқайды. Олардың тексеру барысында тәртіп сақшылары ұрланған үй малы екенін анықтап, күдіктілерді құрықтайды. Олардың Мақтарал ауданының төрт тұрғыны екендігі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полицейлер күдіктілердің Мақтарал ауданының бос жайылымынан 14 жылқыны ұрлағанын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 6 милиионнан астам теңгені құрап отыр.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188 «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. Айғақты зат ретінде алынған ұрлықы жылқыларды полицейлер заңды иелеріне тапсырды. Полицейлер олардың тағы да басқа қылмыстық жайттарға қатыстары бар-жоқтығын анықтау үстінде.
Дереккөз: ТО ПД-нің баспасөз қызметі