ТҮРКІСТАН: Жаңа үлгідегі жылыжай кешені Ресейге көкөніс экспорттайды

0
529

Жылыжайда қыста 150, ал жазда 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: Жаңа үлгідегі жылыжай кешені Ресейге көкөніс экспорттайды

Түркістан облысында жобаларды қолдау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ел үшін кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға оңтайлы жағдай қалыптасқан. Жобаларды қолдау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының қолдауымен, «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуімен облыста жұмысы қарқынды жүріп жатқан инвестициялық жобалардың бірі — 11 гектарлық «Ecoinvest» жылыжай кешені.


Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында орналасқан «Ecoinvest» ЖШС-і 2020 жылы іске қосылған. Жылыжай кешені 11 гектар алаңда жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіреді. Жылыжайда қыс мезгілінде 150 адам, ал жазда 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылып келеді.


«Ecoinvest» ЖШС-нің атқарушы директоры Мұрат Гелашвили жақын арада кешен аумағын ұлғайтуға ниетті. Жылыжай өнімдері ел аумағынан бөлек. Ресейге экспортталады және бүгінде жоғары сұранысқа ие. Поляк инвесторларының қаражатына салынған кешеннің инвестициялық құны — 6800 млн. теңге.