ТҮРКІСТАН: Жаңадан «Жетісай спорт клубы» құрылды

0
591

670 адам спортпен шұғылданады.


ТҮРКІСТАН: Жаңадан «Жетісай спорт клубы» құрылды

Өмірзақ Шөкеев жаңадан құрылған «Жетісай спорт клубының» жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал, Жетісай аудандарына іссапары кезінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан құрылған «Жетісай спорт клубының» жұмысымен танысты. Аталған клубта футбол, волейбол, баскетбол, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және қол добы спорт түрлері бар. Онда ауданның 42 азаматы мен 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер, жалпы 670 адам спортпен шұғылданады.


Облыс әкімі жас спортшыларға ел намысы мен сенімін арқалаған ауыр да абыройлы жолда күш-қуат тілеп, сүйінші сұрар жеңісті күндердің көп болуын тіледі.