ТҮРКІСТАН: Жанармай бекеттеріне қарашылық шабуыл жасаған топ қолға түсті

0
1 574

Қарақшылық жасаған топ мемлекеттік нөмірі жоқ автокөлікпен медициналық маска киіп өз ойларын жүзге асырған.


ТҮРКІСТАН: Жанармай бекеттеріне қарашылық шабуыл жасаған топ қолға түсті

Түркістан облысы полицейлері Сайрам және Түлкібас аудандарының жанармай бекеттеріне қарақшылық жасаған топты құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам АПБ-нің кезекші бөліміне таңғы уақытта жанармай құю бекетіне қарақшылық жасалғаны жөнінде, сонда кассир болып жұмыс істейтін азаматтан арыз келіп түседі. Шұғыл арада полицейлер оқиға орнына жетеді.

Тергеу тобы анықтағаны: мемлекеттік нөмірі жоқ автокөліктен көк түсті медициналық маскада киген қарақшылар, ғимаратқа заңсыз кіріп, кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап етеді. Сол уақытта кассирде қарақшыға қарсылық танытады. Оны көрген 2-ші серігі жәбірленушіні жанармай бекетінің буткасына кіргізеді, ал үшіншісі бет тұсынан жұдырықпен ұрып қарақшылық жолмен шамамен 100 000 теңгеге жуық ақшаны алып оқиға орнынан бой тасалаған.

Орын алған оқиға аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 192-бап «Қарақшылық» бойынша тіркелген. Жоғарыдағы күдіктілерге ұқсас белгісіз азаматтар Түлкібас ауданындағы жанармай бекетіне де қарақшылық жасаған. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, көше бойында орналасқан жанармай құю бекетінде мемлекеттік белгісі жоқ автокөлікпен беттеріне медициналық маска мен қолғап киген белгісіз 3 азамат келіп, пышақпен қорқытып қарақшылық жасағанын айтады. Оған қоса, кассадан шамамен 150 000 теңгеге жуық ақшаны және АИ-92 маркалы бензиннің 200 л астам талондарын алып кеткендігін көрсетеді.

Тексеру барысында жанармай құю бекеті ғимаратының сыртқы есігі құлыптанбағанын пайдаланған қарақшылар, ғимаратқа заңсыз кіріп, ақша талап етіп, бензиннің талондарын алып, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.

Аталған жайттар бойынша Сайрам мен Түлкібас аудандық полицейлері дер кезінде аудандарға сілтеменің жолдануына байланысты, Түркістан облысы ПД КПБ, Түлкібас АПБ КПБ, Сайрам АПБ КПБ полицейлерімен шұғыл іздестіру шаралары жүргізілді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, 5 азаматтан құрылған топ құрықталып, ҚР ҚПК-нің 131-бабына сәйкес күдіктілер Түлкібас АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталған азаматтар Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Бұрын сотталмаған. Қарақшылардан айғақты зат ретінде талондар алынды. Күдіктілер қылмыстарын толық мойындаған. Сондай-ақ, қарақшылық жасаған қылмыстық топтың Түркістан облысы аумағында басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталмыш оқиға ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.