ТҮРКІСТАН: Жарты жылда жол апатынан 90-ға жуық адам қаза тапқан

0
500

200-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Жарты жылда жол апатынан 90-ға жуық адам қаза тапқан

Түркістан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп, 300-ге жуық адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2 күн қатарынан республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Онда тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлер жол бойында жүргізушілердің қан қысымын өлшеп, полицияға қатысты туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.


Сонымен қатар, жол ережесін қатаң сақтау туралы арнайы ескертпелер мен заң баптары жазылған жадынамалар таратты.


Полицейлердің талдауы бойынша жыл басынан бастап 6 ай ішінде облыста 200-ден астам жол көлік оқиғасы тіркеліп, 90-ға жуық адам қаза тапқан.


«Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында және Сауран шеп бекетінде ұйымдастырылды. Ал аудандық полиция құрылымдары адамдар көп шоғырланған орын ретінде өз аумақтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізді. Екі күнде полицейлер 300-ге жуық адамды қабылдап, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында көмек көрсетті», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.