ТҮРКІСТАН: Жас ақындар мен жазушылар байқауы мәресіне жетті

0
3 516

"Түркістанда түлеген төл тарихым" атты жас жазба ақындар мен жазушылардың облыстық байқауының іріктеу кезеңіне 90 - ға жуық шығарма түсіп, 26 ақын, 10 жазушы ақтық сынға жолдама алған болатын.


ТҮРКІСТАН: Жас ақындар мен жазушылар байқауы мәресіне жетті

Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған "Түркістанда түлеген төл тарихым" атты жас қаламгерлер байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас таланттардың тұсауын кескен байқауды облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды.

"Түркістанда түлеген төл тарихым" атты жас жазба ақындар мен жазушылардың облыстық байқауының іріктеу кезеңіне 90 - ға жуық шығарма түсіп, 26 ақын, 10 жазушы ақтық сынға жолдама алған болатын.

Прозалық шығармалар "Үздік жас жазушы" бағыты бойынша:

Бас жүлде-Тоқтарбек Айболат (250.000 теңге)

Бірінші орын-Нұржан Мөлдір (175.000 теңге)

Екінші орын-Төлеубаева Жұлдыз (125.000 теңге)

Үшінші орын-Кәдірбай Ғылымнұр (100.000 теңге)

Жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар да арнайы ынталандыру сыйлығы 25.000 теңгеге ие болды. Олар Марат Қани, Маликаждарова Алтынай, Жігер Нұрдаулет, Сейтжаппар Ақтілек, Аружан Орынбек, Жұлдыз Қалбай сынды таланттар.

"Үздік жас ақын" аталымы бойынша:

Бас жүлде-Бақберген Дариға (250.000 теңге)

Бірінші орын-Мұқағали Кенжетайұлы (175.000 теңге)

Екінші орын- Еламан Төлеутай (125.000 теңге)

Үшінші орын-Арайлым Мұраталиева (100.000 теңге) үздіктер төрттігін толықтырды.

Бұл аталым бойынша ынталандыруға Қайсар Бауыржан, Рысгүл Досжанова, Арқалық Әмалият, Мейір Оразғалиев лайықты болды.