ТҮРКІСТАН: «Жас талант» онлайн-конкурсының жеңімпаздары анықталды

0
686

Жеңімпаздар білім грантына ие болды.


ТҮРКІСТАН: «Жас талант» онлайн-конкурсының жеңімпаздары анықталды

II республикалық «Жас талант» онлайн-конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жыл – Балалар жылына орай өткізілген II Республикалық "Jas Talant" онлайн конкурсы өз мәресіне жетті. Аталмыш конкурс Түркістан Оқушылар сарайы ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Халықаралық туризм жәнемеймандостық университеті» және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен өзара ынтымақтастық меморандум аясында өткізілді.Жоба шарты бойынша оза шапқан талантты жастар университет гранты мен Түркия квотасына ие болды.


Онлайн форматта өткен байқауға қатысушылар "Өнерлі жас", "Жас дарын","Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн","Өлкетану", "Хореография" және "Бармақтар" сайысы бойынша сынға түсті. Республикалық додаға еліміз бойынша 70-ге жуық өтініш келіп түскен, олардың 21-і екінші турға іріктеліп ең дарындылары жүлдеге ие болды.


Алдыңғы жылы өткізілген «Жас талант» байқауынының нәтижесі бойынша«Бармақтар» сайысы бойынша Аяулым Талғатова, ал «Өнерлі жас» сайысы бойынша Асима Жұмабай І орын иеленген болатын.


«Талант. Неге бұл жоба «Жас талант» деп аталады. Сәби дүние есігін ашқан сәттен бойына 26 қасиет дариды. Осы таланттың дамуы ата-анасы мен ұстазына тікелей байланысты. Ал бүгінгі таңда таланттарын дәлелдеп шыққан үздіктер ІІ Республикалық «Жас талант» конкурсында жүлдеге ие болып, дәлелдеп шықты», – деді марапаттау рәсіміне арнайы қатысқанТүркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы.


Нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бармақтар» сайысы бойынша І орын - Серікбай Аяжанға (Түрік квота иегері), ІІ орын – Байхожа Гүлназға және ІІІ орын - Бурахан Әсел Орынханқызына бұйырды. Аталмыш квотаның иегері ХҚТУ-дың «Спорт және өнер» факультеті «Сән өнері», «Дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының біреуін таңдап, түрік квотасы арқылы білім алады.


Ал, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнерлі жас» сайысы бойынша І орынды Жандыбаева Жанерке (Түрік квота иегері), ІІ орынды Сүлейменова Жасмин және ІІІ орынды Мәлікасан Али иемденді. Жеңімпаз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Спорт және өнер» факультеті, «Орындаушылық» кафедрасының «Дәстүрлі музыка өнері», «Эстрада өнері», «Музыка мұғалімдерін даярлау», «Актерлік өнері», «Хореография», «Вокалдық өнер» мамандықтарының біреуін таңдап, түрік квотасында білім алады.


Сондай-ақ, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Өлкетану» сайысы боынша І орын - Тағай Нұрай, ІІ орын – Бекнияз Ерасыл, ІІІ орын - Сәулебай Айдынға тиесілі болды. Барлық жүлдегерлер «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының кез-келгеніне мемлекеттік грант бойынша оқуға түседі.


Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жас дарын» сайысы аясында І орын алған Темирова Азиза – университет грантын жеңіп алса, ІІ орын алған Дәулетбай Рамазан жоғарғы оқу орнында білім алуға 75 %-дық жеңілдікке, ал ІІІ орын алған Кульбаева Алина жоғарғы оқу орнында білім алуға 50 %-дық жеңілдікке ие болды. Одан бөлек, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сән интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн» бағыты бойынша І орын алған Момбаева Мерей, ІІ орын алған Мәдібекова Балнұр және ІІІ орын алған Нұртай Қарақат дәл осындай грант пен жеңілдікке ие болды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Хореография» бағыты бойынша жеңімпаз атанған оқушыларға да осындай марапат бұйырды.