ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары қолға алынды

0
1 338

Облыс көлемінде «Қылмыссыз оқу жылы» атты тақырыпта кездесулер ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары қолға алынды

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері «Қылмыссыз оқу жылы» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторлары полиция капитаны Т.Нурбеков және полиция капитаны С.Маликовтар жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында «Қылмыссыз оқу жылы» атты тақырыпта Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылдық округінде орналасқан «Махамбет» жалпы орта мектебінде аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары және ауыл имамдарымен бірлесіп, оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесуде ауыл имамдары өзгенің мүлкін ұрлау, болмаса адамды жаралап, өлтіру, тыйым салынған дүниелерді қолдану, әлімжеттік жасау дұрыс еместігін айтып, белгілі деңгейде Алла алдында жауапқа тартылатындығын жеткізді.

Ал, полицейлер, кез-келген қылмыстың өтеуі – жаза екендігін баса айтты. Негізгі міндет білім алу болғандықтан, жасөспірімдерде одан өзге ой болмау керектігін түсіндірді. Өзінен төменгі сыныпта оқитын балаларға күш көрсетіп, ақша талап етіп, әлімжеттік көрсетуге болмайтындығын қатаң ескертті.

Жастар орталығының мамандары тарапына, оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмелер барын жеткізіп, пайдалы істерге белсенді түрде қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, аталған кездесу Қарабау ауылдық округінде орналасқан «Жамбыл» жалпы орта мектебінде өз жалғасын тапты. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстарды болдырмау, алдын алу, осы тұрғыда жастарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жиын барысында оқушылар тарапына сұрақтар қойылып, сала мамандарынан жауаптар алынды. Алдағы уақытта да осы секілді кездесулер аудандық полицейлердің ұйымдастыруымен жиі өткізіліп тұрмақ.