ТҮРКІСТАН: Жастар орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

0
681

Қазіргі таңда аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтарында 59 бос жұмыс орны бар.


ТҮРКІСТАН: Жастар орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Түркістан облыстық жастар орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен облыс жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендету және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа тарту, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкеге 17 аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының жауапты мамандары келіп, өздері жқмыс жасайтын мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша келген жұмыс іздеуші жастарға тұсірдірме жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет екендігін түсіндірді. Қазіргі таңда аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтарында 59 бос жұмыс орны бар.


Түркістан облысында биылғы жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 15-35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% (12 186 жас) құрап отыр.


Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыруға 84,0 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 72 129 адам жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде жастар 33 252 (46,1%). Тұрақты жұмыс орындарына 21 073 азаматтар жұмысқа жолданып, оның 10 016 жастар (47,5%).


Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау уақытша жұмыс орындар сипатындағы жұмыспен қамту шараларына 28 758 азаматтар жолданып, оның 11 927 жастар (41,4 %) құрады.


Сондай-ақ дипломы бар, жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру бағытында мемлекеттік бағдарламалар негізінде әрбір аудан, қалада жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 165 820 жасқа кеңес берілді. Атап айтар болсақ, білім – 44 083 (Серпін – 28 189, Болашақ – 9 523, Қысқа мерзімді оқыту – 5525,), жұмыспен қамту – 54 212 (Жастар практикасы – 19 557, Қоғамдық жұмыстар – 15 475, Жасыл ел – 9 312, Дипломмен ауылға – 8 768, Студенттік құрылыс отряды – 666), кәсіпкерлік – 60 811 (Жұмыссыз жастарға арналған гранттар – 16 920, «Бизнестің жол картасы-2025» – 10 404, Төмен пайызды несие – 33 132), тұрғын үй – 3 290, өзге де мәселелер бойынша 3 424 жасқа кеңес берілді.


Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін, мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Жастар практикасы» арқылы 3167 жас, «Қоғамдық жұмысқа» 5893, «Әлеуметтік жұмыс орны» негізінде 1668 жас және «Алғашқы жұмыс орны» арқылы 1199 жас жұмыспен қамтылып отыр. Өңіріміздегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі.