Түркістан жастарына арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр

0
355

IOS пен Android платформалы ұялы телефондарына орнатылады.


Түркістан жастарына арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Түркістанда үздік IT жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Hack Turkistan» IT облыстық үздік жобалар байқауы өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырған жобаның мақсаты Хакатон Түркістан облыс жастарына арнайы платформа ойлап табу, мобильді қосымша облыс жастарына арнайы ақпараттар жеткізу, ақпарат әр қолданушыға статусына қарай ақпараттандыру, жастарға күнделікті қолданысқа жарамды мобильді қосымша идеялар топтамасын жүктеп отыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар және жаңалықтардың болуы, Түркістан облысындағы жастар саясатының жұмыстары туралы ақпараттар жариялау, аудан, қалада өтетін іс-шаралар кестесін жариялап отыру, Egov.kz порталынан жастардың өзіне қажетті анықтамаларды алуына жағдай жасау.


Мобильді қосымшаның ішінде мемлекеттік және жекелеген ұйымдар мен азаматтардың гранттары, стипендиялары, мамандықтар туралы ақпарат, ЖОО мен колледждер тізімі, бос жұмыс орындары мен мемлекеттік бағдарламалар, дағдыларды анықтайтын тестілеу секілді мүмкіндіктер бар. Мобильді қосымша жақын арада App Store мен Play Market-тен жүктеуге қол жетімді болады және IOS пен Android платформалы ұялы телефондарына орнатылады.


«Мобильді қосымша жастарымызға арнайы ақпараттар жеткізуге қолданылады. Кез келген жас өз ауданында өтіп жатқан іс-шаралардың мәліметін, қандай үйірмелер бар екенін, жалпы жастарға қажетті барлық ақпаратты білуге мүмкіндік алады», - деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаеав.


Байқау нәтижесіне сәйкес 1-орынды Кентау қаласының өкілі Умиджан Арипжанов (500 000 теңге), 2-орынды Түркістан қаласынан қатысқан Мұхит Өсербай (300 000 теңге), 3-орынды Түркістан қаласының тұрғыны Ғасыр Құралбайұлы (200 000 теңге) иеленді.