ТҮРКІСТАН: Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр

0
544

Жасыл желек көлемі 400 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр

400 гектар жерге жайғасқан Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және қала аумағындағы көгалдандыру жұмыстарының жағдайы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталасбас үлгіде салынған. Басқосуда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бұл бағытта қолға алынған жаңа әдістердің тиімдігіне тоқталып, осы күнге дейін жасалған жұмыс барысын баяндады.


Жалпы қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлбақтарды күтіп ұстау бойынша қураған ағаштарды қырқу, шөптерді орып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жедел мобильді топ анықтаған кемшіліктер шұғыл түрде ретке келтіріледі. Жасыл желектерді суаруда әр түрлі әдістер қолданылады. Ауа райының күрт ысып кетуіне орай, қазіргі таңда аэрация әдісі қолданыла бастады. Бұл өз кезегінде асфальт жолдың ыстық күннен балқуынан сақтап, ыстық ауаның көтерілуіне кері әсерін беріп ылғалдандырады және ауаның жол бойында орналасқан ағаштардың жуылуына септігін тигізеді.


«Суаруды қарқынды әрі тиімді жүргізу мақсатта, қаладағы көгалдарды автоматтандырылған суару жүйесінің 110 мың шаршы метрі көшірілді. Бұрынғы әдіс бойынша су сепкіш машиналармен суды қашықтан әкелмей, сапалы және уақытылы суаруды қамтамасыз етеді. Мердігер мекеме тарапынан істен шыққан автоматтандырылған жаңбырлатқыш құрылғы толығымен ауыстырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді»,-деді Нұрбол Тұрашбеков.


Жасыл желекті суару жұмыстарына бақылау күшейтілді. Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 3 рет жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жасыл-Түркістан» КММ және «Жарық-Тазалық» ЖШС бірлесе Б.Саттарханов даңғылы бойына түнгі сағат 2-ден бастап таңғы сағат 8-ге дейін 8 техника қойылып, үш ауысымдық түнгі кезекшілік жұмысын жалғастыруда.


Түркістанды көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында жалпыхалықтық сенбілік өткізілуде. Індет жүріп жатқандықтан, адамдардың санитарлық нормаларды сақтауы қадағаланады.