ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем көлігімен қамту мәселесі толық шешіледі

0
1 047

142 дәрігерлік және фельдшерлік бригада ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем көлігімен қамту мәселесі толық шешіледі

Түркістан облысына 75 санитарлық көлік сатылып алынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, техникамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.


"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде босандыру және жан сақтау қызметтерінің медициналық жабдықтармен қамтылуына үлкен назар аударылды. Облыста медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84,21% құрап, жылдық жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде өткен жылы негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. Біз өңірде медицинаны құрал-жабдықтармен қамту жұмысын тұрақты жүргізе береміз", – деді өңір басшысы.


2022 жылы «СП КАТКО» ЖШС демеушілігі есебінен Түркістан қаласында Орталықтандырылған жедел медициналық жәрдем станциясы ашылған болатын. Облыста 2 088 510 адамға 1 жедел медициналық жәрдем станциясы, 6 бекет, аудандарда 17 бөлімше жұмыс атқаруда. Халыққа жедел жәрдем көмегінің қолжетімділігін арттыру, шақыртулардың кешігуін азайту үшін алыс учаскелерге қосалқы 46 тәуліктік пост, 142 дәрігерлік және фельдшерлік бригада ұйымдастырылған.


Биыл заманауи, кеңейтілген жадымен сервер орнатылды. «Көмек» бағдарламасы жаңартылған оперативті бөлімі жаңа ғимаратта іске қосылды.


Қазіргі таңда Орталықтандырылған жедел медициналық жәрдем станциясының 177 санитарлық автокөлігі бар, 2023 жылы 13 санитарлық автокөлігі алынды. Сонымен қатар желтоқсан айында 1,3 млрд. теңгеге облыс бойынша 75 дана санитарлық автокөлік сатып алынады. Жыл сонына дейін автокөліктер халық игілігіне пайдалануға беріледі. Осы көліктер арқылы облыс бойынша жедел жәрдем бригадасына қажеттілік толық шешіледі.