ТҮРКІСТАН: Жеңімпаз шахматшыларға құрмет көрсетілді

0
224

Олар әлемдік додаларда олжа салып жүрген жас чемпиондар.


ТҮРКІСТАН: Жеңімпаз шахматшыларға құрмет көрсетілді

Түркістанда шахматтан әлемдік додаларда олжа салып жүрген жас чемпиондарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының оқушылары білімімен ғана емес, спорттан да ерекше көзге түсуде. Елдің атын асқақтататын саланың бірі өнер болса, екіншісі – спорт. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыстық, республикалық және әлемдік деңгейдегі чемпионаттардан жүлдемен оралып, елдің абыройын асқақтатқан жас шахматшыларды қабылдады. Жас чемпиондарға алғысын білдіріп, ынталандыру сыйлығын табыстады.


«Сіздерге облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының және өз атымнан алғысымды білдіремін. Бұдан да биік белестерді бағындырып, Азияның, әлемнің чемпионы бола беріңіздер! Білім мен спортты ұштастырып, бос уақыттарыңызды тиімді пайдалана отырып, шахматтан бірнеше рет чемпион болдыңыздар. Сіздер сияқты жалындаған жастар өз замандастарына үлгі», – деді Бейсенбай Дәулетұлы.


16 жасқа дейінгі ҚР Ұлттық құрама мүшесі Асылхан Әсия 8 жасынан бастап шахматқа қатыса бастаған. Бүгінде Түркістандағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы. Әсия Қазақстан деңгейіндегі жарысқа қатысып, бірнеше рет жүлделі орын иеленді. Мальдив аралында Батыс Азия чемпионатына қатысып, классикалық шахматтан 3 орын, блицтен 2-орын иеленді. Азия чемпионатына барып, Индонезия елінде шахматтың блиц түрінен 2-орын иеленді. 2023 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Қазақстан кубогының иегері атанды. 2023 жылы Біріккен Араб әмірліктерінде Азия чемпионатына қатысып, үздік ондыққа кірген болатын және команда бойынша өткен жарыста 1 орынға ие болды. 2024 жылы қыздар арасында Қазақстан кубогының чемпион атанды. Қазіргі таңда Бразилия елінде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алған, Әлем чемпионатына дайындық үстінде.


Ал дәл осы білім ұясының 1 сынып оқушысы Сұлтанхан Нұрислам – оқудың алғашқы күндерінен-ақ өзін ерекше тұлға ретінде көрсетті. Оқуға деген жауапкершілігі жоғары. Нұрислам математика мен қазақ тіліне ерекше қызығушылық танытып, түрлі олимпиадаларға белсене қатысады. Сабақта зейінді, оқу материалын жақсы меңгереді, өз ойын дұрыс жеткізуді және логикалық негіздеуді біледі. Нұрислам 2023 жылғы маусымда Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында (Біріккен Араб Әмірліктері) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2024 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері. 2024 жылғы сәуірде Әлем чемпионатының қола медалін иемденді (Албания Республикасы).