ТҮРКІСТАН: Жетісайда 23 мың түп көшет отырғызылды

0
478

Гүлдер мен көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 23 мың түп көшет отырғызылды

Жетісай ауданында 12 мың гүл егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыста көгалдандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осы орайда Жетісай ауданындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егілген гүлдер мен көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған, бәрі де демеушілер мен Түркістан облыстық Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.


Қазіргі таңда қаладағы тұрғындар жиі жүретін көпшілік орындары мен аудан әкімдігінің маңына 9 мың дана питуния, 3 мың дана шафран гүлдерінің көшеттері отырғызылды.


Былтыр аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 19 мыңға тарта көшет отырғызылса, биылғы жылы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер егілген.