​ТҮРКІСТАН: Жетісайда имамдар марапатталды

0
2 713

Марапаттар ҚМДБ-на тіркелген аудандық мешіт имамдарының жылдық есеп жиналысында табысталды.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда имамдар марапатталды

Жетісай ауданында жылды табысты тәмамдаған мешіт имамдары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында ҚМДБ-на тіркелген аудандық мешіт имамдарының жылдық есеп жиналысы болып өтті. Жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов, мешіт имамдары мен наиб имамдары қатысты.
Есептік жиын барысында 2019 жылы атқарған жұмыстары «өте жақсы» деп бағаланған «Ырыс» мешітінің имамы М.Хадыршаев, «Сисенбай ата» мешітінің имамы Б.Урбишов, «Сағындық ата» мешітінің имамы Е.Биболов пен «Нағанай ата» мешітінің имамы М.Бименовтерге «Төлеген» шипажайына тегін жолдамалар берілсе, «Жылдың үздік имамы» номинациясын жеңіп алған аудандық орталық «Нұғман» мешітінің наиб имамы Б.Шаймерденге жеке кәсіпкер Қайрат Кемалұлы «Ұмра» сертификатын табыстады.
Аудан имамдарына қолдау білдіріп, қайырымдылық шаралардан шет қалмайтын «Төлеген» шипажайының директоры Бақытжан Төлегенов пен жеке кәсіпкер Қайрат Кемалұлына ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов алғыс хат тапсырып, рахметін айтты.