ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

0
1 548

Жетісау ауданында жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының төрағалардың, және ауылшаруашылық саласының мамандарының қатысуымен жиын өтті.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

Түркістан облысы, Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауылшаруашылық саласын несиелендіру бойынша жиын ұйымдастырылды, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Жиынға ауданымыздың жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары, және ауылшаруашылық саласының мамандары қатысты. Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді.

"Бүгінгі таңда өздеріңізге белгілі « ҚАЗ АГРО» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы АҚ» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несиелендіруді бастады. «Бұл бағдарлама 10 000 000 теңгеден бастап беріледі. Нысаналы мақсаты мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға, айналым қаражатын алуға болады", - деді «Аграрлық несие корпорациясы АҚ» Шымкент филиалы несиелендіру бөлімінің бас маманы Ғани Рахматуллаұлы.

Айта кетейік, несиенің мерзімі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 7 жыл, ал айналым қаражатын толтыруға 1 жыл, жеңілдік кезеңі негізгі қарызға 2 жыл, айналым қаражатын сатып алуға 1 жылға дейін беріледі.

Мал шаруашылығына және негізгі құралдар сатып алуға несие 15 пайыз, субсидияланатын көлемі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 10 пайыз, ал айналым қаражатын толтыруға 5 пайыз, қарастырылған.