​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

0
2 211

Жеңімпаз командалар мен жекелеген спортшылар аудан әкімінің дипломымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық біріншілік өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Жетісай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «2019 жыл – Жастар жылы» мен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні» мерекесіне орай еркін күрестен 2006-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Жетісай ауданының ашық біріншілігінің ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мұхтар Бейсенбаев, спорт мектептерінің директорлары қатысты.
Шымкент қаласымен қатар Жетісай, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарынан, Асықата, Атакент, Мырзакент кентері мен Ш.Ділдәбеков, Үлгілі ауылдарының жас спортшылары қатысты.

10 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шыққан жас балуандардың бабы мен бағы қатар шауып, жүлделі І орынды Жетісай ауданының №1 БЖСМ спортшылары, II орынды Жетісай ауданының №2 БЖСМ, III орынды №3 БЖСМ жас спортшылары иеленді.
Жеңімпаз командалар мен жекелеген спортшылар аудан әкімінің дипломымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.