ТҮРКІСТАН: Жетісайда көпбалалы анасы көп ауыл бар

0
1 678

Округ бойынша 887 көпбалалы ана бар.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда көпбалалы анасы көп ауыл бар

Жетісай ауданына қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округі аудан бойынша көпбалалы анасы көп округ есептеледі деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде бүгінде 1783 түтін бар. Халық саны 12061 адам.
Негізгі күн көрісі егіншілік пен мал шаруашылығы саналатын бұл округті аудан тұрғындары «көпбалалы аналар округі» деп те атайды. Олай деуге негіз де жоқ емес. Өйткені, округ тұрғындарының 7,5 пайызы, яғни, 887-сі көпбалалы аналар. Нақтырақ айтар болсақ өмірге 4-5 перзент әкелген аналардың саны 390 болса, алтыдан он балаға дейін өмірге әкеліп, «Күміс», «Алтын» алқа таққан аналардың саны 497.
Жыл басынан бері округте 607 отбасына шартты, ал, 18 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілген.
«Округ бойынша көпбалалы аналар саны мен жұмыссыздықтың алдын алу бойынша алдыңғы қатардамыз. Аллаға шүкір демографиямыз өсіп, халық саны да артып келеді. Қазіргі таңда біздің округімізде баспанасы жоқ отбасы жоқ. Жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға дейін үй салуға учаске беріп, мүмкіндігінше жағдайларын жасауға тырысамыз»,- дейді Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әкімі Нәлжан Әбдірайым.
Мұнан да басқа «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 2 азамат 6,5 млн теңге, ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 5 азамат 7,9 млн теңге қаражат алып, мал шаруашылығын дамытуға қаражат алған.