​ТҮРКІСТАН: Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік тарту жасалды

0
1 682

Асықата кентінде 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 96 азамақта азық-түлік таратылды.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік тарту жасалды

Түркістан облысы, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүгедектер күніне орай мерекелік шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Асықата кентінде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов қатысты.

Кент әкімдігінің ғимаратында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 96 азаматқа ұн, май, макарон және күріш, шекер мен шай сынды азық-түлік себеттері мен күнделікті тұтыну заттары табыс етілді.

«Мұқтаж жандарға қолұшын беріп, қайырымдылық жасау – зор жауапкершілік және үлкен адамгершілік іс. Бүгінгі күнді ескеріп демеушілік жасаған баршаңызға үлкен алғысымды білдіремін. Тағдырдың тауқыметімен бастарыңызға түскен қиыншылықтарға мойымай, алға қарай қадам басып келе жатқан ата-аналарға Алла қуат берсін», - деді аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы.

Сонан соң, Асықата кентіндегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында» болып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бүлдіршіндердің мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалап, орталықтың жұмысымен танысты.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары демеушілік жасаған азаматтарға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының алғыс хаттарымен марапаттады.