ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Рәміздер аллеясы» ашылды

0
737

14 метрлік тұғырда көк Туымыз желбіреп тұр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Рәміздер аллеясы» ашылды

Жетісай ауданында «Рәміздер аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жетісай ауданында «Рәміздер аллеясы» ашылды. «Тәуелсіздікке тарту» шарасы аясында қолданысқа берілген аллеяның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.


Жаңадан ашылған аллеяда 14 метрлік тұғырда көк Туымыз желбіреп тұр. Сондай-ақ, Әнұранның мәтіні тасқа жазылып, Елтаңба орналастырылған. Салтанатты шара соңында аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің өнерпаздары жұртшылыққа әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке қарсаңында ашылған «Рәміздер аллеясы» жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, молайтуға мол септігін тигізері анық.