ТҮРКІСТАН: Жетісайда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді

0
878

5 техника мен 40-қа тарта қызметкер жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді

Жетісайда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдің санитарлық тазалығын жүйелендіріп, көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жайлы берген тапсырмасын тұрақты түрде жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында жұмыс жандана түсті. Аудан әкімі Серік Мамытов аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерде тазалық жұмыстарын үйлестіруде.


Бүгінде елді мекендерде аптаның барлық күнінде жол бойлары мен елді мекен айналасын ретсіз өскен шөптерден тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары жанданған. Ескірген қоршаулар мен көрнекілік құралдарын қайта сырлау, тұрғындарға тазалықты сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, табиғатты аялауға бірігіп күш салуға шақыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Айта кетейік, бүгінде «Жетісай қызмет» мекемесі тарапынан 10 ауылдық округтегі 45 жалпы орта мектептің көшелеріне 750 дана жарықшам қойылып, тазалық жұмыстарына күнделікті 5 техника мен 40-қа тарта қызметкер жұмылдырылған.